"Дарынды оқушыға-талантты ұстаз" сайысы

   Мектебімізде "Дарынды оқушыға-талантты ұстаз" сайысы өтті. Сайысқа мектептің жас мамандары А.Сүндетбаев, Ж.Амантай, М.Қазанғапова, С.Мырзагалиева, Ж.Абишева, А.Жумабекова қатысты. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: таныстыру, жаңашыл идея, аудиториямен жұмыс. Алдын-ала қатысушылар ашық сабақ жоспарларын тапсырған. Сайыс қызықты әрі тартымды өтті. Нәтижесінде бастауыш сынып мұғалімі қҚазанғапова Меруерт жеңіске жетіп, қалалық сайысқа жолдама алды.