«Гаухартас» үйірме жетекшісінің шеберлік классы

«Гаухартас» үйірме жетекшісінің  шеберлік  классы

   Іс-шаралар  жоспарына  сай  алынған тақырып  бойынша мектебіміздегі  «Гаухартас» үйірмесінің жетекшсі С. Қыбырт  10-  сынып  оқушыларымен  мастер класс өткізді.   Шеберлікті  насихаттау мақсатында  өткізілген   шебер класс барысында  ұстаз   қыз балаларға арналған  сәндік  бұйымдардың  жасалу барысын  түсіндірді. Ұсақ  моншақтармен көркемдеу жолдарын  түсіндіріп болған  соң  оқушылар  алдарына таратқан кестеге  қарап отырып,  өздерінің  қолымен алғаш  сәндік-бұйымдарын жасады. Жұмыстың  орындалу барысын  мұғалім  әр-қайсысына  жекелей  көрсету  мүмкіндігі  болды. Бүгінгі  шебер класын  көруге  келген оқушылар  құр келмегендерін түсініп,келешекте  өздері де осындай  сәнді заттарды  безендіру жұмыстарын жасайтынадарын айтты.