"Алтын сандық"

Қаңтар айының  5-күні   7-сынып  оқушыларының арасында ел тарихының салт дәстүрлерін насихаттау мақсатында, ой-өрістерін  дамыту мақсатында  А.Артықбаева мен Ж.Амантайдың жетекшілігімен «Алтын сандық» атты   зияткерлік сайысы өткізілді. Ойын  алғашқыда 6- қатысушымен басталды.  Сайыс  3-кезеңнен тұрды.

-Темір сандық

-Күміс сандық

-Алтын сандық

Ұпай сандарын жинақтау  нәтижесіне қарай  әр кезеңнен соң екі  ойыншы  шығарылып отырды.

Қатысушылар  ойын барысында  белсенділік танытып, шапшың ойланып  жауап беруге тырысты. Сайыс  соңында  Жеңімпаз  ойыншымыз  мақтау  қағазымен марапатталды.