«Шырша тойы»

«Шырша тойы»

2015 жылдың желтоқсан айының 25-29 жұлдызы күндері «Шырша тойы» өткізілді. Шырша тойын ұйымдастыру үшін  бұйрық шығарылып, жауапты адамдар тағайындалды. 

25.12 күні сағат 12.00-де даярлық сыныптары үшін шырша тойына арналған ертеңгілік өткізілді.  Кішкентай бүлдіршіндер би билеп, ән салды.

26.12 күні сағат 10.00-де 1А,1Б,1В сыныптары және 3А,3Ә,3Б сыныптары үшін, ал 12.00-де 2А,2Ә, 2Б, 4А,4Ә,4Б сыныптары үшін  шырша мерекесі өткізілді. Барлығы 220 оқушы және ата-аналар қатысты. Шырша тойына ертегі кейіпкерлерінен   сиқыршы, аю мен Маша,  қой,  мешін,    т.б. қатыстырылып балалармен түрлі ойындар ойнатып,  би билетті.

 28.12 күні сағат 12.00-де 5-6 сыныптар үшін, 14.00-де 7-8 сыныптар үшін шырша тойы өткізілді