ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты салтанатты жиын

ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты салтанатты жиын

   2015 жылының 30  қараша күні Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты салтанатты жиын болып өтті. Жиынға барлық сыныптар қатысты. Сонымен қоса мектеп ұстаздары мен әкелер кеңесі мүшелері, ата-аналар  қатысты. Салтанатты жиын қазақ биімен басталды. Мектеп директоры оқушыларды мерекемен құттықтады.   1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай,    мектеп  өмірінде ерекше қабілетімен танылып, жоғары жетістіктер мен жеңістерге қол жеткізгені үшін10А -сынып оқушысы  Рымбай Тілек,  9Ә -сынып оқушысы  Амантай Тоқтар, 9Б -сынып оқушысы  Алтынбек Ақнұр, 8Б -сынып оқушысы  Маралова Нұрай, 6Ә  сынып оқушысы  Коңыров Дарын , 6Б -сынып оқушысы  Гамзат Мерзат  мадақтамамен марапатталды.  Сонымен бірге бала тәрбиелеудегі ұлағатты өнегесі, мектеп бастамаларына   қолдау көрсеткені  және қоғамдық шараларға  белсене қатысқаны үшін ата-аналар  Бошегулова Наташа Узбековна,  Жумагулова Назым Турлыбековна,   Алгадаева Перизат Болатхадиевна ,  Жақсыгельдина Перизат  Нығытайқызы,Сортинова  Замзагул Сагынаевна, Тұтқабеков Ермек Сатыбалдыұлы    алғыс хатпен марапатталады. 
   Елбасы туралы «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді көрсетілді. Әлем елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз туралы айтқан жылы лебіздері тыңдалды.    Мектепте Тұңғыш Президенттің есімін иеленген  Аманжолов Нұрсұлтан,  Жақсылық Нұрсұлтан, Нұрлан    Нұрсұлтандар  ортаға шығарылды. Олар да тілектерін айтып, ән айтты.        Оқушылар флешмоб биледі. Кадет сыныптары дефиле  көрсетті.   Ата-аналар комитетінің төрайымы Сандыбаева Назима , Жас  Отан жастар қанатының мүшесі Ерболат Ербол  өз   тілектерін   білдірді.  Салтанатты жиын  «Нұраға» әнімен  аяқталды.