"Саптық ән" байқауы

   27 қараша 2015 жылы жалпы білім беретін № 8 орта мектебінде 4-5 сыныптар арасында  «1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай» саптық ән айту сайысы өткізілді. Сайыс әскери жетекші Т.Е.Еримбетовтың   қалалық білім бөлімінің әдіскері Рахимов Фархат Маликовичке  баяндама жасап, Мемлекеттік Тудың кіргізілуімен басталды. Сайыста  әрбір сынып командирлері әскери жетекшіге  баяндама жасап және саптық тәсілдерді дұрыс орындаулары бойынша әділ қазылармен жан-жақты сараланды.  Атап айтсақ сыныптар арасында 4 Ә сыныбы 1 орынды, 5Б 2 орын және 4 Б 3 орынды иеленді. Сайыс соңы кадет сыныптарымен дайындалған саптық  дефилемен аяқталды.