Қалалық презентация "Робототехника әлемі"

Қалалық презентация

         Күзгі каникулда 10 қараша күні 5-8 сыныптар арасында қалалық оқушылар сарайында мектеп оқушыларына «Роботехника әлемі» атты қалалық презентация таныстырылды. Физика пәнінің мұғалімі Еркен А.Т. жетекшілігімен мектептен 7 сыныптан 10 оқушы қатыстырылды. Оқушыларға әртүрлі роботтар мен олардың жұмыс істеу принциптері көрсетілді.  Роботехника жайлы білімдерін толықтырды.
          Мектептерде робототехника үйірмелері ашылып, оқушылар робототехника саласымен танысып келе жатыр. Робототехникамен мектеп кезінен танысқан оқушыларда бұл салаға қызығушылығы пайда болып, соның арқасында болашақта робототехника саласында көптеген жас ғалымдар істейтін болады.