«Ертегілер елінде » үйірмесінің көрсетілімі

«Ертегілер елінде » үйірмесінің  көрсетілімі

Қараша айының 4-і күні  «Ертегілер елінде » үйірмесінің  көрсетілімі ретінде сынып жетекшілерінің  қатысуымен 2-3  сыныптар арасында  «Арыстан мен түлкі» ертегі көрсетілді.  Ертегілердегі кейіпкерлер бейнесі арқылы сөз құдіреттілігін  білуге үйрету, жаманнан жиреніп, жақсыны үйреніп, оны өмірде пайдалана білуге ұмтылдыру,оқушының  бойына ерлік, батылдық, адамгершілік, адалдық қасиеттерді дәріптеу мақсатында қойылған ертегінің кейіпкерлерін  оқушылар  жақсы сомдады. Рөлге  енгенде әртістік  қабілеттерін  жақсы көрсете алған оқушылар да болды.Көрермен  оқушылар  ертегінің мазмұнын үсініп жақсы әсер алдық деп қорытындылады.