«Ағылшын тілінде - 100 сөз» атты 3 сынып оқушыларының қатысуымен жүргізілген іс – шара

«Ағылшын тілінде - 100 сөз» атты 3 сынып оқушыларының қатысуымен жүргізілген іс – шара

2015 жылдың  9 қарашасында  3А,Ә, Б сынып оқушыларының қатысуымен  «Ағылшын тілінде – 100 сөз» атты сайыс өткізілді. Бұл іс – шараны ағылшын тілі пәні мұғалімдері Оспанова Айнагуль Смайлкановна және Мырзагалиева Сымбат Рахимовна жүргізді. Сайыс ІІІ кезеңнен тұрды және 3 тілде жүргізілді.  Сайыс ережесі бойынша қатысушылар 2 топқа бөлінді және өз топ атауларын ойластырып, топ басшысын сайлады.  1 топ –«Жұлдыз», 2 топ – «Маржан тас». 3 сынып оқушылары ІІІ кезеңнің тапсырмаларын мүлдірмей орындап, тапсырмалардың жауабын 3 тілде айтуға тырысты. Тапсырма сұрақтары интерактивті тақтада көрсетілді, сайыс ортасында сергіту сәті орындалды. Оқушылар аталған сайыста өздерің мейілінше жақсы жағынан көрсетіп, қызығушылық танытты,сұрақтарға белсене жауап беріп отырды.  Сайыс соңында «Жұлдыз»  тобы -38, «Маржан тас» тобы – 40 ұпаймен есептеліп, «Маржан тас» тобы жеңіске жетті. Сайыс қызықты, әрі жақсы көңіл – күймен өтті.