Ант қабылдау рәсімі

Ант қабылдау рәсімі

Қазан айының 30 күні Қарағанды қаласындағы ЖББ №58 орта мектеп кадеттерінің ант қабылдау рәсіміне мектеп директоры А.А.Токейбекова мен тәрбие ісінің орынбасары Ж.Қ.Жетписбаева барып қайтты. Былтырғы оқу жылынан бастап меморандумға қол қойылған бұл мектеппен үнемі байланыс болып тұрады. Дәстүрлі ант қабылдау мерекесіне Ресейлік кадет корпусының директоры және Теміртау қаласындағы мектеп  директоры, Қарағанды қаласының №4 мектеп-интернат директоры, ЖББ№91 мектеп директоры қатысты. Соңында директорлар арасында конференция ұйымдастырылып кадет сыныптарының проблемалары талқыланды.