Діни ұйымдардың өкілдерімен кездесу

Діни ұйымдардың өкілдерімен кездесу

   Қазан айының 23-і күні  ЖББ №8 орта мектебінде 9-сынып оқушыларына  қалалық  дінді зерттеу және талдау   орталығынан мамандар  келіп , мектеп оқушыларын  отансүйгіштікке, имандылыққа  патриотизмге этика мен ұлтжандылыққа  баулу мақсатында  кездесу өткізді.
   «Балқаш қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ «Балқаш қаласының конфессионалдық қатынастар мәселесін зерттеу  және талдау орталығы» КММ бас маманы Бейсембеков Айдос Амангелдиевич оқушыларға қазірг уақытта  діни экстремизм ерекше назарға  алынғаны туралы интернет ресурстарын  дұрыс пайдалану және  экстремистік сайттарды қолданбау керектігін ескеріп, ай мен күннің аманында дін жолынан адасып жүрген жастар көбейгенін база айтты.Сондай-ақ Балқаш қаласының найб имамы Айтказин Р лаңкестік пен секта тәрізді  мәселелер туралы сөз қозғады. Қазіргі таңда  Қазақстанда «талиги жамагат», «хизбут-тахрир»  деген  дәстүрлі емес ұйымдар теріс әрекетке баулитыны жөнінде айта келе олардан аулақ болуларын айтты.