"Алтын күз"

       Мектебімізде 21 қазан күні «Алтын күз» атты мерекелік кеш болып өтті.Кешке аға тәлімгер және «Өзін-өзі басқару» ұйым мүшелері жауапты  болды. Кешімізге 8-10 сынып оқушылары арасынана екі оқушы Ханзада мен Ханшайым қатысты. Кеш  сайыс түрінде өтті. Сайысымыз 5 бөлімнен тұрды. Барлық сынып оқушылары аянбай дайындалып,қолдарынан келгенше өнерлерін ортаға салды. Қазылар алқасының шешімі бойынша Күз Ханзадасы атағын 9Ә сынып оқушысы Қуантаев Ернат иеленсе, Күз Ханшайымы атағына 8Б сынып оқушысы Оңғарсынова Маликаны лайықты деп санады. Сайыс өте тартымды әрі қызықты өтті. Барлық қатысушы жұптар мадақтама қағазымен марапатталды.