Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 10 қазан күні сенбіліктің өткізілуі туралы ақпар

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 10 қазан   күні  сенбіліктің өткізілуі туралы  ақпар

Қазан   айының 10-ы  күні  қаламыздың  тазалығын  сақтау  мақсатында мектеп   оқушылары  қалалық сенбілікке қатысты.  Оқушылар   сынып  жетекшілерінің  ұйымдастыруымен  қалалық  сенбілікте  мектебімізге  бөлінген  Бөкейханова көшесінің  бойы мен  мектеп  маңайына    тазалау  жұмыстарын  жүргізді. Оқушылар өздеріне  бөлінген  аумақтарды сыпырып, ағаштың  жерге  түскен  жапырақтарынан тазартты,қоқыстарды тазалады.Жаяу жүргіншілер жүретін жолдарды  ірі тастардан тазалады. Оқушылар бар ынтамен тыңғылықты жұмыстар атқарып ,қалалық  сенбілікке  белсенді  қатысты. Сенбілік  жұмыстарына мектебіміздің кіші қызметкерлері де қатысып, ағаштардың түптерін ақтады.