ЖББ №8 орта мектебінде «Қауіпсіз жаз» акциясы бойынша атқарылған іс-шаралар ақпары

ЖББ №8 орта мектебінде  «Қауіпсіз жаз» акциясы бойынша атқарылған іс-шаралар ақпары

        ЖББ №8 орта мектебінде  2015 жылдың 23 мамыры күні  балалардың суда және өртке қарсы қауіпсіздігі, жол көліктік жарақаттардың алдын алу мен ескерту мақсатында  «Қауіпсіз жаз»  акциясы болып өтті.  Акцияға мектептің 1-11 сынып оқушылары қатысты. Акцияға қалалық судан құтқару станциясының маманы Абжанова Бағдат және мектеп инспекторы Төлегенов Айбек Бекенұлы қатысты. Оқушыларға саябақтарда,  балалар алаңында және судағы    қауіпсіздік шараларын сақтау туралы кең көлемді ақпарат берілді.  Әр түрлі қауіп қатерлер пайда болған жағдайда әрекеттер тәртібін,төтенше жағдайлар туындаған кезде қандай телефон нөмірлеріне хабарласу керектігін  айтылды.  Сонымен бірге қатысушыларға суда шомылу қауіпсіздігін сақтау туралы арнайы дайындалған жаднамалар таратылып берілді.