«Ұлы Жеңістің 70 жылдығы» мерейтойлық медальдарды тыл ардагерлеріне табыс ету

«Ұлы   Жеңістің 70 жылдығы»  мерейтойлық  медальдарды   тыл ардагерлеріне  табыс ету

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жыл 19  қаңтарындағы  № 992  жарлығы  бойынша Ұлы Жеңістің  70-жылдығын атап өту, ерен ерлікке құрмет көрсету, ардагерлеріміздің батырлығы  мен қайсарлығын ұлықтау мақсатында «Ұлы   Жеңістің 70 жылдығы»  мерейтойлық  медальдарды   тыл ардагерлеріне  табыс етуі туралы   айтылған.

Мектебімізде  29-шы  сәуір күні  тыл ардагерлеріне  мерейтойлық медальдар  салтанатты  түрде табысталды. Тізім бойынша мектебімізге 55- ардагер  бекітілген болатын. Оның  ішінде 2-еуі қайтыс болған, 1-ардагер  қалада болмағандықтан, салтанатты  жиынға келу үшін 52 ардагерлерге  алдын-ала  шақыру  қағаздары табысталған  болатын. Жиынға  30-ардагер келді. Жиынға келген ардагерлерді  кадет сыныптарының оқушылары  қарсы алып , қалалық  жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламасы  бойынша  бөлімінің маманы Қасымова Шолпан  Бекеновна тіркеп отырды. Салтанатты жиынды мектеп директоры  Төкейбекова Айгүл Төкенқызы  бастаса, оқу  ағарту ісінің ардагері  Шайза Рысқұловна  ардагерлерді   биылғы  жылы  Жеңіске 70-жыл толу  мерекесімен  шын  жүректен  құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сөз соңынан мектеп  директоры  Төкейбекова Айгүл  Төкеновна  екеуі  бірлесе  ардагерлердің  кеуделеріне  медальдарды тақса, кадет сыныбының  оқушылары  сыйлықтар таратты. Мектеп  оқушыларының  қатысуымен  концерттік бағдарлама  ұсынылып, «В землянке» әніне сахналандырылған  көрініс көрсетіліп, ардагерлеріміз  көздеріне  жас алса, «Смуглянка», «Атамекен» әндері орындалып  ардагерлеріміз   ортаға  шығып   би билеп көңілдерін көтерді. Ардагерлерімізге  мың тағзым етіп, игі тілектерімізбен шығарып салдық. Жиын соңынан  директордың  тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Алпысбаева А.С. мен  қалалық  жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламасы  бойынша  бөлімінің маманы Қасымова Шолпан  Бекеновна келе алмаған ардагерлердің  үйіне барып медальдарды табыс етті . Жалпы  бекітілген  тізім бойынша 4 ардагерге медаль  табыс етілген жоқ. Оның  ішінде  3 ардагер есігін ашпаса, 1 ардагер   Ресейге  кетуіне  байланысты табысталмады.