Ұлы Жеңіске - ұрпақтан құрмет!

Ұлы Жеңіске - ұрпақтан құрмет!

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Қан майданда елінің ертеңі үшін басын бәйгеге тігіп, батырлықтың озық үлгісін көрсете білген ерлеріміздің қатары күн санап азайып барады. Бейбіт заманда олардың ерліктерін жас ұрпақ бойына сіңіріп өсіру және майдангерлерге тағзым етіп, құрметтей білетін өскелең ұрпақты тәрбиелеу - міндетіміз. Міне, осындай мақсатты көздеген №8 орта мектеп ұжымы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және ҚР Қарулы Күштер күніне орай "Ұлы Жеңіске ұрпақтан құрмет" акциясын бастады. Акция аясында мектеп басшылығы және оқушылар, әскери қызметкерлер ардагерлеріміздің үйлерін аралап сый құрмет көрсетпек.

Алғаш болып Балқаш қаласының біріктірілген иқорғаныс істер бөлімінің бастығы Б.Алишев, №31765 әскери бөлімінің тәрбиелік және идеалогиялық жұмысы бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Укенов, ауған соғысының ардагеріт Р:бакишев, мектеп директоры А.Төкейбекова бастаған топ соғыс ардагері Хаден Тотаевтың үйіне бас сұқты. Әскери киінген кадет сыныбының оқушыларын Хаден ата "Кішкентай маршалдар, қай жақтан келіп қалдыңдар, жоғары шығыңдар?!"-деп құшақ жая қарсы алды.

"Хаден ата, біз,8 орта мектеп ұжымы атынан келдіек. Алдыңыздағы маршалдар-кадет сыныбының оқушылары. Бүгін біз ұрпақ сабақтастығын жалғастырып, оқушыларыызға, жастарымызға сіздердей батыр аталарымызбен көзбе-көз танысып, майдан шебіндегі естеліктеріңізді естісін, білсін деген ниетті мақсат тұтып отырмыз. Сондай-ақ кадеттеріміздің арнайы сізге дайындаған өлең жырлары, сый-сияпаттары бар"-деген мектеп директоры Айгүл Төкенқызының сөзі оқушылардың ән-жырларымен жалғасты.

Мектеп ұжмы сый-құрметпен қатар "Сіз білесіз бе? Бұл үйде ардагер тұрады!" деген Хаден Тотаевтың фотосуреті мен өмірдеректері жазылған қабырға тақтайшасын ардагер тұратын үйдің маңдайшасына іліп тағзым етті.

Мектеп басшылығының, оқушылардың игі ниеттеріне риза болған ардагер: "Біз ерлік жасаймыз деп аттанбадық соғысқа, тек уақыт сондай болды. Елдің, Отанның азаттығы, тыныштығы үшін күресіп, майдан шебінде болдық. Сол кезде қай-қайсыңызда солай етер едіңіздер. Біз жасаған ерліек пен қайсарлықты сендер де танытар едіңдер. Сендер, бүгінгі бақытты және білімді ұрпақсыңдар. Өмірде қандай да бір жетістікке жету үшін алдымен адамға білімділік, төзімділік, қажырлық және еңбекқорлық керек. Сондықтан да осы қасиеттеріңді бойларыңа сіңіріп өскендерің дұрыс"-деп тілек білдірді.

Бұл күні дәл осы топ аталмыш шара барысында соғыс ардагерлері Ы.Ынтықбаев, П.Береговой, П.Ошлыковтың үйлеріне барып қайтты. Әлі де қаламыздағы барлық соғыс ардагерлерін аралауды жоспарлауды.