Балқаш қаласының туылған күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы ақпар

Балқаш қаласының туылған күніне  орай өткізілген іс-шаралар туралы ақпар

     Туған қаламыз Балқашқа   сәуір айының 11-інде 78-жыл толып отыр. Мектебімізде жоспар бойынша  жоспарланған іс-шаралар  аптаның басынан бастап өткізіліп отырды.
  «Туған қалам - Балқашым» тақырыбында қолөнер көрмесі, кітап көрмесі қойылды.  І қабатта «Мысты өңір - Балқаш»  тақырыбында видеорлик көрсетілді. Қазақ тілі  пәнінің мұғалімдері Ожханова Ұ.О мен Абилова А.Ү   8-9 сыныбының оқушылары  арасында  «Менің қалам» тақырыбында эссе жаздырып, үздік шығармаларды марапаттады.
  6-сынып  оқушылары   «Қала көшелері»  атты мануал жасалып, «Мысты өңір-Балқаш» тақырыбында Қанатбекова Г. білгірлер сайысын, Бакишева А. «Балқаш кеше, бүгін, ертең» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
  Қазақ тілі пәнінің мұғалімі  Айтқұлова  Г. С 5-9 сыныптар аралығында  «Балқашым –бақ жырымсың» атты жас ақындар  мүшайрасын өткізді. Жас ақындар мүшайрасы  барысында жас қаламгер  ақындарымыздың ізденіс арналарын, көзқарастарын көркемдік келісімдерін  көрсетіп, жырға қосты. Қойнауы –ырыс, тасы- кен, Балқашым, мынау жыр әнім деп жырлаған   жас ақындардың өнерін бағалап,  марапаттады.
  Барлық сыныптарда «Балқашым-бағым», «Гүлдене бер, ару Балқаш»  тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
  Сәуір айының 11 күні «Ару қала, әсем қала -Балқашым» тақырыбында салтанатты лездеме өткізіліп, соңы  спорттық жарыстарға ұласты.  Қазақтың ұлттық ойыны «Тоғызқұмалақтан» , волейболдан жарыстар ұйымдастырылып, бастауыш сыныптар арасында көңілді эстафеталық ойындар ұйымдастырылды.