«Ерліктің даңқы мәңгілік» атты қалалық білгірлер сайысы

«Ерліктің даңқы мәңгілік»  атты қалалық  білгірлер сайысы

          Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2015 жылдың 11-наурызында «Ерліктің даңқы мәңгілік»   атты  қала мектептерінің арасында білгірлер сайысы өткізілді. Сайысқа  қазақ  мектептерінің 9-10 сынып оқушылары қатысып,   қазақ батырлары туралы білімдерін көрсетті.  Сайыс барысында  қатысушылар   берілген сұрақтарға  шапшаң жауап  тауып,қарсыластарын оза шауып жатса, қазақ батырлары туралы  фильмдерден  үзінділер көрсетіліп ,дұрыс жауаптарын жарыса  тауып жатты. Қонаққа қаламыздағы  Балқаш өңірі газетінің тілшісі Тойымбекова Шұғыла Берікбайқызы, қалалық мұражайдың ғылыми қызметкері Орынтаева Жанар Айтбековна қатысты. Сайыс  3 кезеңнен өткізіліп,  жеңімпаз анықталды. Ең көп ұпай санымен   ЖББ №8 орта мектебінің  9Ә сынып оқушысы Аханова Мадина  жеңімпаз атанды. Барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.