«Көктем аруы -2015» байқауы

«Көктем аруы -2015» байқауы

Қыстың ызғарлы күнінен кейінгі жер дүниені жаңартатын, тіршілікке жан бітіретін көктем күні де келіп жетті. Әлі де қыстың ызғары бітпесе де, көктем лебі сезіліп адамдардың көңіл күйін көтеретін, көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніде келіп жетті. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге сәби жүрегі «Ана» деп соғады. Өмірдің гүлі, көңілдің жыры қыздар мерекесі бұл. Осы қыздар мерекесіне орай жас ұрпақты әдемілік әлемінің сұлулығынкөзбен көре, жанмен түсіне білуге, зерделі болуға үйрету. Оқушылырдың бойында 8- наурыз мейрамын қастерлеу сезімін дамытумақсатында мектебімізде наурыз айының 4 жұлдызында мектебімізде аға тәлімгерлердің ұйымдастыруымен 8-10 сыныптар арасында «КӨКТЕМ АРУЫ-2015» байқауы болып өтті. Қазақ атамыз ерте заманнан-қыз балаға аса көңіл бөлген, оны ақылдыда ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген. «Көктем аруы-2015» байқауының көздеген мақсатыда осындай асыл қасиеттерді ару қыздарымыздың бойынан байқап, көру болатын. Байқаудың шарты 6 бөлімнен тұрды. І-сайыс “Мен қазақтың қызымын..”, ІІ- сайыс «Сәндік өнер»,ІІІ- сайыс “Кім өнерлі ”, ІV-сайыс «Сезімтал жүректі жандар», V сайыс «Кім жылдам», VІ-сайыс «Би жарысы». Байқауға қатысушы аруларымыз алдын ала алған жеребелері бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс қорытындысы бойынша барлық арудан алға шығып, көрермендерді өз өнері мен тәнті етіп, ақылына көркі сай аруымыз 9 «Ә» сынып оқушысы Амантаева Әсият «Көктем аруы-2015» атағына ие болды. Кештің соңы би кешімен аяқталды.