Ауғанның от жалыны

Ауғанның от жалыны

1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді.1989 жылы 15 ақпанда аяқталды. Бұл соғысқа қазақ жерінен 22 мың адам қатысты. Осы айтулы күнді атап өту мақсатында ЖББ №8 орта мектепте ауған ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге ауған соғысының ардагерлері Нұрғалиева Ляззат және Мұхамедиев Бауыржан, Балқаш қаласы қорғаныс істер бөлімінің бастығы, майор Алишев Б.А., ҚР ІІМ, ішкі әскер комитетінің отставкадағы прапорщигі, білім бөлімінің әдіскері Рахимов Ф.М. қонақ ретінде шақырылды. Кездесу кезінде ардагерлер соғыстың пайда болу тарихын, ондағы оқиғаларды оқушыларға айтты. Сонымен бірге соғыста қаза болған Самат Нұрғалиевпен Анатолий Антоновты еске алды. Кеш барысы кадет сыныптарының саптық көрсетілімдерімен және патриоттық әндермен жалғасты.