«Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің ақпары

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі  онкүндіктің ақпары

   Қазақстанның Бірінші Ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті, «өзін-өзі тану» пәнінің авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның 74 жасқа толуына орай мектебімізде «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің жоспары алдын-ала жасалды.

   2.02 күні линейка өткізіліп, мектеп оқушылары жоспармен таныстырылды.  Линейкада Сара Алпысқызының өмір жолы,марапаттары мен еңбектерінен оқушылар кең мағлұматтар алды.

   3.02 күні мектеп кітапханашысы Р.А Исабаева «Мейірім төгетін ана» атты көрме әзірлеп,  әр сынып оқушыларын  Сара Алпысқызының еңбектерімен таныстырды және ол кісінің көздеген мақсаты адам өз бойына рухани адамгершілік қасиеттерді терең сіңіру  қажеттігін баса айтып өтті.

    4.02 күні «Өзін-өзі тану-өнер әлемінде»атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге қатысушы оқушылар өз суреттерін «өзін-өзі тану»пәніне байланыстыра суреттеген. Нәтижесінде: топпен жұмыс жүргізіліп,7Б,7В  сынып  оқушылары «Мақтау қағазымен» марапатталды.

    7.02 күні «Өзін- өзі тану» пәнінің авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай өткізілген онкүндіктің бұл күнінде «Отанды сүю неден басталады?» атты «дебат» пікір- сайыс ойыны ұйымдастырылып, өткізілді. Ойынға «Ақиқат» және «Өркен» атты екі топ қатысты.Ұйымдастырушы «өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі  К Мырзахметова.

 Мақсаты: Екі қарсылас топтың ой- пікірін жоққа шығара отырып,өз көзқарастарын дәлелдеу.

Міндеті: Оқушыларды «Мәңгілік ел» идеясы аясында бірлікке,татулыққа, отансүйгіштікке, адамгершілікке,ізденімпаздыққа тәрбиелеу;

Ойлау қабілеттерін, сөзбайлықтарын, ұстамдылық пен тапқырлық қабілеттерін дамыту.

 Пікір- сайыс ойыны «Карлл Поппер» форматында ойналды. Оқушылардың бір тобы Отанды сүю отбасынан басталады деген  пікірді дәлелдесе,келесі топ яғни «даттаушы топ» Отанды сүю тәрбиеден басталатындығын дәлелдеді. Әділ қазылар алқасына қаламыздағы Республикалық  дебат ойынының жеңімпаздары шақырылды және мектеп әкімшіліктері қатысты.Пікір- сайыс ойынына әділ қазылар алқасы «өте жоғары өтті» деген баға берді.Екі топ оқушылары «Мақтау қағазымен» марапатталды.

    2015 жылы 9 – ақпан күні бастауыш сыныптар арасында  «Алтын жүрек Анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа 3-4 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 12 оқушы қатысты.

         Сайыстың негізгі мақсаты:

Қазақстанның Бірінші Ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі  рухани – адамгершілік білімнің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі туралы мағлұмат беру, Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата – анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдылық, сүйіспеншілік, махаббат, достық  секілді ізгілік қаситтерге тәрбиелеу, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін ояту.

         Мәнерлеп оқу сайысы өте жақсы деңгейде жүргізілді. Көзделген мақсатқа жетті. Балалар өте жақсы дайындықпен келген. Слайдтар арқылы Сара Алпысқызы жайлы көптеген мағлұматтар берілді. Сайыс соңында әділ –қазылар алқасы сөз алды.

Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша

Бас жүлде   Абдрасилова Риза 4А

1 орын        Арнурова Хадиджа 3Б

                   Манатова Аяжан    4А

2 орын        Ахметжанов Әлихан 4Ә 

                    Омарова Назерке  3Б

3 орын            Құмарова Малика 3А

                       Абдрасилова Алина 3Ә

Жеңіске жеткен оқушылар марапатталып, мақтау қағаздарымен мадақталды.

      10.02 күні 5-ші және 8-ші сынып оқушылары арасында «Ән-көңілдің ажары» атты ән сайысы өтті. Ұйымдастырушы пән мұғалімі Г.Сейфуллина.  Сайыстың мақсаты:Оқушылардың әнге деген қызығушылығын және әншілік қабілетін арттыру.Өнерге бір табан жақындату.Сайыста әділ қазылар алқасы сайланды.Сайысқа 11 оқушы қатысып еркін тақырыпта әндер шырқалды.

Нәтижесінде:Бірінші орынды-Гамзат Мерзат 5Б сынып оқушысы, екінші орынды 7ә сынып оқушысы Түсіпбаев Ернұр, үшінші орынды 5б сынып оқушылары Манатов Досымжан,Оңал Досбол жеңіп алса, «көрермендер көзайымы»номинациясымен 8Д сынып оқушысы Сайлаубек Дамир, «сахна шебері»номинациясымен 5А сынып оқушысы Маратқызы Айсұлу марапатталды.

     11.02күні        сыныбында «Мейірімділік – асыл қасиет атты»ашық сабақ өтті.Пән мұғалімі Жұмаханова Ә.А.Сабаққа әжелер шақырылып, кездесу өткізілді. Сабақ мақсатына жетіп,жоғары дәрежеде өтті.