Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шаралар

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шаралар

02.02.2015 ж. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шаралар мектебімізде басталып та кетті. Осыған орай гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі Ұ.Ожханова мен тарих пәнінің мұғалімі Г.Бакированың жетекшілігімен үгіт-насихат тобы тарихымызға қатысты тың дүниелерді ашып айтты. Қазақ хандығының құрылуы мен таққа отырған хандардың есімін ұлықтай айтса, соңында елбасының саясатының арқасында абыройы артқан, төрткүл дүниеге мойындатқан мемлекетімізді мақтан етті.