"Сын тұрғысынан ойлауға үйрету" коучингі

29.01.2015 ж. мектебімізде деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер әріптестерімен тренинг өткізді. Бағдарламаның  мақсаты – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда  жеті тәсілді жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибесін толықтыру, жетілдіру.Тренинг барысында бағдарламаның жеті модуліне тоқталып, топқа бөлу,сергіту сәті, атмосфералық ахуал қалыптастыру,кері байланыс жасау тәсілдерін көрсетті. Тренинг соңында әріптестері тілек-лебіздерін білдірген стикерлерін "чемоданға" салды.