"Өнерге қанат қаққандар" атты көркемөнерпаздар концерті

24.01.2015 жылы "Өнерге қанат қаққандар" атты көркемөнерпаздар концерті өтті. Оқушылар мектеп ата-аналарының алдында өз өнерлерін паш етті. Сыңғырлаған дауыстарымен құбылта әуендеткен әндерін, мың бұралған билерімен жалғастырып, көрермендердің көңілінен шығып жатты.  Концерт соңын Кадет сыныбының сарбаздары вальс билеп, "Мұрагер" тобы "Көк байрақ" әнімен тәмамдады.