"Поэзия падишасы" атты әдеби кеші

Желтоқсанның жиырмасы күні мектебімізде "Поэзия падишасы" атты ақын Ф.Оңғарсынованың еске алу кеші өтті. Кеште оқушылар ақынның өлең-жырларын оқыды. Өлеңдерін Жағуфарова Ботагөз, Балықбаева Айдана, Түсіпбаев Ернұр, Алпысбай Жауқазын, Аханова Мадина оқыды. Ақынның өмір шығармашылығынан бейнебаян көрсетілді. М.Мақатаевтың сөзіне жазылған "Фариза, Фариза жан, Фариза қыз" әні орындалды.