"Қош бол, құтты Әліппем!"

Желтоқсанның 20 жұлдызында №8 орта мектебінің 1 сыныптарында "Қош бол, құтты Әліппем!" атты Әліппемен қоштасу ертеңгілігі өтті. Ертеңгілікке 1А, 1Ә, 1Б сыныптары қатысты. Ертеңгіліктің мақсаты: ата-аналарға оқушылардың Әліппені қаншалықты меңгергенін көрсету, Әліппемен қоштасу. Ертеңгілікте оқушылар уйренген өлең тақпақтарын, жұмбақ, мақал-мәтелдерін айтып, би билеп ән жырларын ортаға салды. Ата-аналармен ойын ойналды. Ертеңгілік соңында мектеп директоры А.Т.Токейбекова сөз сөйледі. Ата-аналар ұстаздарына алғыс білдірді.