«Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты салтанатты жиын

«Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты салтанатты жиын

15.12.2014 ж.күні мектепте Тәуелсіздік күніне орай «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға бірқатар қонақтар шақырылды. Олар: Балқаш қаласының құрметті азаматы Бадиша Махатқызы, Қазақ ССР-нің Білім беру ісінің үздігі, «За доблестный труд» медалінің иегері, ардагер ұстаз Қабыл Байдағұлұлы, Білім беру ісінің үздігі, ҚР-ның білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Сламбек Сәтімбек Сланбекұлы, Әкелер кеңесінің мүшелері: Разахов Даулет Амантаевич, Исабеков Еркебұлан Әуезұлы, ата-аналар комитеті Саттыбаева Назима Хизатолла, Муханова Зухра Тлеуханқызы, «Жас Отаннан» Хайыпханова Назира Серікқызы қатысты.
Ең алдымен салтанатты жиынымыз қазақ биімен ашылды. Мектебіміздің директоры Төкейбекова А.Т қонақтар мен оқушыларға, ұстаздарға өздерінің құттықтау сөзін айтты. Өз сөзінен кейін мектебіміздің бірқатар мұғалімдері, оқушылары және де мектеп бастамаларына қолдау көрсеткені және қоғамдық шараларға белсене қатысқаны үшін ата-аналар марапатталды.
Жас Отан мүшелері мектебіміздің бірқатар оқушыларына «Жас Отан» куәлігін тапсырды. Салтанатты жиынның соңына қарай кадет сыныптары Вальс билеп, өлеңмен аяқталды.