Күзгі демалыс кезіндегі өткізілген іс-шаралар

Күзгі демалыс кезіндегі өткізілген іс-шаралар

04.11-11.11.2014ж. аралығында күзгі демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспар бойынша  өткізілді.Күзгі каникулда күн сайын спорт залда спорттық үйірмелер үнемі жүргізілді.  4-қараша күні баскетбол үйірмесіне  жоғарғы сынып оқушылары қатысып, бір топ ұлдар командасы болса, екінші топ қыздардан тұратын командалар сайысы өтті.  Сол күні сурет пәнінің мұғалімі Сардарбек Л.Т. ұйымдастыруымен «Бояулар сыры» 3-4 сынып оқушылары арасында өткізілді. Оқушылар өз қиялдарын суретпен жеткізді. 2-сыныптар арасында «Қызықты тапсырамалар» сайысы  өткізілді. Оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында математикалық тапсырмалар берілді.
Күзгі каникул кезінде «Ертегілер елінде» үйірмесі жұмыс жасады. Бұған 2-сыныптың оқушылары қатысты. Оқушылар «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналады.
3-сыныптардың  арасында «Сиқырлы сандар» сайысы өткізілді. Оқушылар логикалық тапсырмалады қызыға шешті. Барлық топтың оқушылары белсенділіктерін көрсетті.
Сонымен қоса «Жас тілші» үйірмесі жұмыс жасайды.
4 сыныптар арасында  «Жас тілші» үйірмесінің кезекті тақырыбы «Тәуелсіз елім-Отаным» атты сабақ  да өткізілді.
1-сыныптар арасында «Кім тапқыр» сайысы  ұйымдастырылды. Сайыс 8 кезеңнен тұрды.
Мектеп кітапханасында 3 сыныптар арасында «Бағдаршам» жол белгілері және олардың мақсаты тақырыбында іс-шара өтті. Кітапханашы Роза Алхановна жол белгілері және олардың мақсаты туралы қысқаша мағлұмат берді.
Қалалық жол белігілері сайысына 7-сыныптың оқушыларынан құралған «Жас инспекторлар» тобы қатысып қайтты. Оқушылар жүлделі ІІ орынды иеленді. 4-6 қараша аралығында мектебімізде қазақтың  ұлттық ойыны «Тоғызқұмалақтан» 3-4 сыныптар арасында дайындақ сабақтары және үйірмеге қатысатын оқушылар арасында қалалық жарысқа іріктеу болып өтті.Осы күні Сакен Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған «Сакен – жырдың сарқылмас дариясы» деген атпен танымдық ойын өткізілді.
7 қарашада «Ұланымыз ұлы елдің»  атты қалалық «Ту ұстаушы топ»  мектепаралық байқау өтті. Байқауға 8-9 сынып оқушылары: Бекетов Жумабек, Билгазы Аида, Зекен Акерке, Каримова Мереке, Алтынбек Ақнұр, Мұратқан Шыңғыс қатысты. Жетекшісі:Еримбетов.Т.Е.
7 қараша күні қалалық  «Гакку» ән сайысына Сейтқазин Абзал мен Ғани Баян қатысып, жүлделі ІІ орынды және «Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталды.
7 қараша 2014 жылы мектеп кітапханасында «Кітаптар еліне саяхат» атты 2 сыныптар арасында экскурсия өтті. Оқушыларға кітапханадағы кітаптарға шолу жасалды. 2 Сынып оқушылармен кітаптар еліне саяхат жүргізілді. Экскурсияға 15 оқушы қатысты.
8 қараша  күні  «Күләш Байсейтованың туғанына 100 жыл «Қазақтың бұлбұлы» атты іс-шараның  өткізілді.
8 сынып оқушылары арасында 2014 жылдың  8ші қарашасында “Magis of language”-тіл сиқыры атты интеллектуалды сайыс өтті.
8 қараша 2014 жылы сағат 10.00-де «Сен оқушы ережесін білесің бе?» атты дөңгелек үстел өтті.
9 қараша  күні «ағылшын тілінде 100 сөз» «Жануарлар» тақырыбында 3-сыныптар арасында өткізілді. Оқушылар ағылшын тілінде жануарлар атаулары, түрлері. Олардың сипаттамасы туралы сөздерді үйреніп, сөйлеуге дағдыланды. Электронды оқулықтармен тапсырмалар орындалып, ойындар ойнатылды.
10 қарашда қалалық «Елбасымен бірге» коллаж байқауынан Шопбай Айжан «Көркем композиция» номинациясымен марапатталды.
«Әдепті сөйлей білейік» тақырыбында іс-шара өткізілді. Тақырыпқа сай келетін «Ой қозғау», «Жағдаяттарды шешу» ойыны, «Құпия хаттарға жауап іздеу» т.б. қызықты сәттер ұйымдастырылды.
5-қараша және 11-қараша күндері волейболдан 8-9 сыныптар арасында сайыс өтті. Сайыс қорытындысы бойынша 8Г-І орын, 9Б- ІІ орын, 8Д-ІІІ орынды иеленді.
Ал өткізілген іс-шаралар толық талданып, жауапкершілікпен өткізілді. Мектеп оқушыларының 60 пайызы күзгі каникулдың іс-шараларына тартылды.