ЖББ №8 орта мектебінің «Жас ұлан» ұйымына Ұланбасын сайлауы

ЖББ №8 орта мектебінің «Жас ұлан» ұйымына Ұланбасын  сайлауы

26.09.2014 жылы сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін «Жас ұлан» ұйымына басшы сайлау яғни Ұланбасы сайлауы өткізілді.Ұланбасыға үміткерлер 8В-сынып оқушысы Нурмуханов Арсен ,8А сынып оқушысы Мұхамеджанова Мақпал және 9Г сынып оқушысы Бегімбаева Назерке болды. Үміткерлер алдын ала өздерінің бағдарламаларын сап жиынында ұсынған болатын.Және әр сыныптарға кіріп үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сайлаудың комиссия мүшелері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алпысбаева А.С, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мейрам Таңшолпан, Аға тәлімгер Булендинова А.М. Сайлау сағат 9:00 де басталды. «Ұланбасын» сайлауға 8-11 сынып оқушылары түгелдей қатысты.Сағат 12-30 да сайлаудың комиссия мүшелері бюллетеньдердің қорытындысы бойынша Бегімбаева Назерке 49 пайыз , Нурмуханов Арсен  31 пайыз,Мухамеджанова Мақпал 20 пайыз дауыс алды.Ашық дауыс беру түріндегі сайлау қорытындысы бойынша «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 2014-2015 оқу жылына Ұланбасы болып 9Г сынып оқушысы Бегімбаева Назерке сайланды.Сайлау қорытындысы хабарландыру тақтасына ілінді.