Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің «Балалар маслихатына» кандидаттарды сайлау

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің «Балалар маслихатына» кандидаттарды сайлау

15.09.2014ж. күні ЖЖБ №8 орта мектебінде «Балалар маслихаты» депутаты мен «Өзін-өзі басқару» ұйымы президенті кандидаттарының сайлауы өтті.Сайлау комиссия мүшелері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мейрам Таңшолпан Талғатқызы, мектеп психологы Тажикеева М.Н. және аға тәлімгер Булендинова Айсара Мейргалимовна тағайындалды. Сайлауда 6 үміткер өз бағдарламаларын ұсынып, үгіт- насихат жұмыстарын жүргізді. Жагуфарова Ботакөз Марленқызы 9Б сыныбы, Жүзбай Бөкейхан Ерғазыұлы 9Б сыныбы, Амангелді Рамиль 9Г сыныбы, Жеңіс Дәуірхан Темірханұлы 10А сыныбы, Рахмет Гүлажар 10А сыныбы, Бегімбаева Назерке Талғатқызы 9Г сынып оқушылары болды. Cайлауға 8-11 сынып оқушылары түгелдей қатысты. Cайлаудың қорытындысы сайлау кмиссиясының алдында ашылып саналды. Сайлаудың қорытындысы бойынша «өзін- өзі басқару» ұйымында мектеп президенті         Жагуфарова Ботакөз Марленқызы, балалар малихаты депутаты  Жүзбай Бөкейхан Ерғазыұлы болып сайланды. Сайлау қызықты әрі әділ өтті.