«Тіл-ұлттың тірегі» атты тілдер апталығының сараптамасы

«Тіл-ұлттың тірегі» атты тілдер апталығының сараптамасы

    Мектебімізде 15.09.-22.09 аралығында «Тіл-ұлттың тірегі атты» апталық өтті.Бірінші күні апталықтың салтанатты ашылуы аталып өтті.Бұл апталықтың өтуіне қазақ,орыс,ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері ат салысты. Бірінші күні апталықтың салтанатты ашылуы аталып өтті.Тәрбие ісінің орынбасары Т.Т.Мейрам құттықтау сөз сөйлеп,бірлестік жетекшілері  оқушыларды тіл апталығының жоспарымен таныстырды.Оқушыларды осы апталықта өтетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.Ал оқушылар үш тілде ақындардың өлеңдерінен үзінділер оқыды.

    16.09.14 күні ақындар шығармаларынан мәнерлеп оқу сайысы өтті.Бұл сайыста оқушылар өздеріне ұнаған ақын-жазушылардың өлеңдерінен,жазушылардың шығармаларынан үзінділер оқыды.Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып,марапатталды.Бас жүлдені 8Г сынып оқушысы Зекен Ақерке иеленді.І орынды Балықбаева Айдана (8Д сынып),ІІ орынды Сәдірбекова Ақниет (7А сынып) иеленді.( жауапты  Нұрсейтова Ж.С.

мен Ибышева М.Е.)

    17.09.14 күн орыс тіліне арналды.Орыс тілі пәні мұғалімі Г.К.Сартаева мен С.Н.Абдуалиеваның ұйымдастыруымен «В гостях у басни» атты қойылым көрсетілді.Оқушылар мұнда бірнеше орыс мысалдарынан қойылымдар көрсетіп,рөлдерді ойнауда өздерінің әртістік қабілеттерін көрсете білді.

     18.09.14 күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері А.С.Оспанова мен З.С.Бигельдина «Тіл білгірі» сайысын өткізді.Бұл сайыста оқушылардың ағылшын тілінен алған білімдері сынға түсті.Сайыс соңында жеңімпаз анықталды.

      19.09.14  күні С.Сейфуллин,І.Жансүгіров,Б.Майлиннің 120 жылдығына арналған «Үш бәйтерек» атты әдеби-сазды  кеш өткізілді.Кеште оқушылар өздерінің осы ақындарға арналған ізденіс жұмыстарын көрсете білді.Оқушылар өздерінің ақындарға арнап шығарған  арнау өлеңдерін оқыды.Кеш соңы поэзия сағатына ұласып,ақынның әндері шырқалды.(Жауапты А.Ү.Абилова,  М.К.Жумабаева,Ә.Ө.Артықбаева)

      20.09.14  күні  «Ана тілі аруы» байқауы өткізілді.Бұл байқаудың мақсаты оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру,өз ойларын көркем тілмен жеткізу және көркем сөз оқу шеберліктерін шыңдау.Байқау 5 кезеңнен тұрды.

1-кезең – «Таныстыру»

2-кезең – «Менің ана тілімнің болашағы» тақырыбында эссе оқу

3-кезең – «Білімді мыңды жығар» (Сұрақтарға жауап беру)

4-кезең – «Мақал-мәтел» (Тақырыптар бойынша әрқайсысы 5 мақал-мәтел

                 айту)

5-кезең – Көркем сөз оқу (Монолог немесе көркем шығармалардан үзінді)

     (Жауапты Ожханова Ұ.О. мен Айтқұлова Г.С.)

Байқау қорытындысы бойынша «Ана тілі аруы» атағына 9Ә сынып оқушысы Аханова Мадина ие болса,І орынмен екі оқушы марапатталды,(Бегімбаева Назерке-9Г , Алпысбаева Жауқазын-9Б).ІІ орынға Темірғалиева Лаура(9В),ІІІ орынға Өміртай Әнел (9А) ие болды.

    22.09.14 күні  «Тілден асқан байлық жоқ» атты қорытынды кеште апталық қорытындыланып,осы апталықтың өтуіне белсене ат салысқан оқушылар марапатталды.

Мектебімізде қабырға газеттері шығарылып,кітап көрмелері мен шығармалар байқауы ұйымдастырылды.