«Қамқорлық» акциясы

«Қамқорлық»  акциясы

Жаңа оқу жылы қарсаңында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Республиканың барлық аймақтарында «Мектепке жол» акциясы өткізілуде.  Бұл акцияның мақсаты аз қамтылған, көп балалы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және оларға толықтай білім алуға жағдай жасау. Қазіргі таңда мөлтекаудандарды аралау жұмыстары жүргізілуде.Мектепте ақпараттық стенд  жасалған, акцияның жұмысын көрсетеді. Стендіде «Мектепке жол» акциясын жүргізуде ата‑аналардың жәрдемдесуіне өтініш үндеуі орналасқан.Мектепте «Қамқорлық»  акциясы  барысында демеушілер іздестіріліп,  киім‑кешектер, аяқ киім, мектеп құрал‑жабдықтары алынып, оқушыларға таратылуда.Қалалық білім бөліміне және мектепке барлығы  40 ата-анадан өтініш келіп түсті. Мектеп асханасының арендаторы Азимбаева А. 10 000тг.Мектеп ұстаздары  тарапынан 55 мұғалім 200тг. 11000тг.ақшалай көмек көрсетті.   21000 тг көлемінде оқу құралдары  алынып,  таратылды.Оған қоса жеке кәсіпкер Алғадаев Мадияр 5000тг. көлемінде спорт. Костюм және шалбар,жеке кәсіпкер Абильдина Гаухар 23000тг. көлемінде 7 оқушыға аяқ киім көмек берді.  Хунанбай Манас 15000тг-ге 3Ә сынып оқушысы Қағазбай Мирасқа мектеп формасы мен оқу құралдарын сыйлады.  Акция одан әрі жалғасын таппақ.