«Мақтан тұтар тұлғалар» атты ғылыми-практикалық конференциясы 27 наурыз күні өтті.

 «Мақтан тұтар тұлғалар» атты ғылыми-практикалық конференциясы 27 наурыз күні өтті.

Тәуелсіз еліміз Қазақстанның өркендеуімен байланыстыра отырып, оқушылардың  саяси ой-өрісін дамыту, ұлттық идея мен рухани мәдени сананы қалыптастыру, туған жерге Алаш зиялыларына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, Алаш Арыстарының өмір жолын үлгілі өнеге ету, азаматтыққа, өз еліміздің дамуына үлес қосуға тәрбиелеут мақсатында мектебімізде қалалық «Мақтан тұтар тұлғалар» атты ғылыми-практикалық конференция 27 наурыз күні өтті. Конференцияға қаламыздың құрметті қонақтары «Алаш азаматтары» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Бекен Төлеуұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Совет Кәкербекұлы қатысты. Конференцияға тарих пәнінің мұғалімдері, мектеп оқушылары мен колледж студенттері өз баяндамаларын оқыды. Оқылған баяндамалар жинақ ретінде енді.