2013-2014 оқу жылында ЖББ №8 орта мектебінде 8-наурыз мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар ақпары

2013-2014 оқу жылында  ЖББ №8 орта мектебінде  8-наурыз  мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар ақпары

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 03-07.03.2014 ж. аралығында 8-наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар өтті. Наурыздың 3-і күні апталықтың ашылуы болды. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау стенді ұйымдастырылды.  1-4 сыныптар арасында сынып сағаттары өтті. 0-4 сыныптар арасында «Көктем аруы» атты байқау  ұйымдастырылды. 5.03.2014 жылы  5-11 сыныптарында «Ана-өмірдің шуағы»  тақырында тәрбие сағаттары өткізілді. қыздар мерекесіне орай мектебімізде наурыз айының 6 жұлдызында мектебімізде аға тәлімгерлердің ұйымдастыруымен 8-10 сыныптар арасында « МЕКТЕП АРУЫ – 2014» байқауы болып өтті.Байқаудың шарты 4 бөлімнен тұрды. І-сайыс «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда», ІІ- сайыс «Өнерлінің өріс кең», ІІІ-сайыс «Ас- адамның арқауы», ІҮ- сайыс  «Қыздарға әсемдік жарасады» сәнқой қыздарымыз әдемі 1 киім үлгісін көрсетті (дефиле). Байқауға қатысушы аруларымыз алдын ала алған жеребелері бойынша өз өнерлерін ортаға салды. «Күміс көмей әнші» номинациясын жеңіп алған Бекмағанбет Айым добырамен өз нақышына салып ән айтса, «Мың бұралған биші» номинациясына ие болған Амангелді Толғанай шығыс биін билесе, Сатыбалды Мөлдір домбырамен күмбірлетіп күй тартып «Өнерлі ару» атағына ие болды. Аруларымыз Естай Ақжарқын- «Нәзік ару», Базар Айдана- «Бұрымды ару», Артукметова Малика- «Қылықты ару», Жунусова Жанар- «Инабатты ару», Ғабдуллина Мөлдір- «Көрермендер көзайымы», Маралова Жанерке- «Сымбатты ару»,  Алпысбаева Жауқазын- «Бармағынан бал тамған ару» және Карибекова Салтанат- «Парасатты ару» номинацияларымен марапатталды.
Осы күні 1 В сынып оқушыларының әжелерінің қатысуымен «Ата салтың-халықтық қалпың» атты әжелер сайысы өтті.
07.03 күні 2 сыныптар арасында «Кішкентай ханшайымдар» атты сайыс өткізілді. 3-і күні 8-наурыз  Халықаралық әйелдер күніне орай мектеп ұжымына және ата-аналарға арнап  мерекелік кеш өтті.