"Әжелер сайысы"

1В сыныбының ата-аналары арасында Ғибрат орталығында "Ата-салтың, халықтық қалпың" тақырыбы бойынша әжелер сайысы өтті. Шөбере тобы жүлделі орынға ие болды. Әжелер 8 номинация бойынша марапатталды. Маратқызы Әсемнің әжесі- Білгір әже, Жәңгірдің әжесі- Парасатты әже, Алдиярдың әжесі- Сөзге шебер әже, Дильназдың әжесі- Өнерлі әже, Лаураның әжесі-Балқаймақ әже атағына ие болды.