Мектеп күні-2014
28.02.2014 кұні мектебімізде «Сапалы білім мен тәрбие - Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» тақырыбында Мектеп күні өтті.
Мектеп директоры А.Т.Токебекова "Сапалы мектепішілік бақылау-жоғары нәтиже кепілі" тақырыбында қонақтарды өз презентациясымен таныстырды. Психолог Абдуалиева З.Н. тренинг өкізіп "Жасөспірім шақтағы баланың мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктері" атты презентациясын көрсетті. "Мектебіміздің әлеуметтік қызметі" тақырыпта әлеуметтік педагог баяндамасымен таныстырды. Ашық сабақ өткізген мұғалімдер: Г.Е.Жакыпбаева алгебрадан , Б.О.Жумабекова "Қазақстан геоэкологиясы" таңдау курсы бойынша, М.М.Жумаш орыс тілінен, А.А.Бакирова әдебиеттік оқудан, З.М.Жакупова "Дінтану" факультатив сабағынан, Г.М.Бакирова Қазақстан тарихынан.