«Тілдер әлемінде» атты эссе байқауы

Биылғы 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланатын болды. Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады. Біздің жбб №8 орта мектебінде де бұл айтулы мереке өз деңгейінде өтіп жатыр. Соның бір айғағы «Тілдер әлемінде» атты эссе байқауы. Бұл додаға 5-9 сынып оқушылары өз үлестерін қосуда. Байқаудың негізгі мақсаты: оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін тексеру. Оқушылар бұл байқауға өздерінің жазған эсселеріне бейне түсірілім жасап өткізуде.Атап айтсам Қожамберді Аяулы,Үкібай Ақерке, Рахимбаев Темірлан, Мұхамет Зарина, Раталы Жұлдыз.

https://www.facebook.com/100024446897564/videos/pcb.810962576395298/810957336395822/
https://www.facebook.com/100024446897564/videos/pcb.810962576395298/810958699729019/

https://www.facebook.com/100024446897564/videos/pcb.810962576395298/810959873062235/

https://www.facebook.com/100024446897564/videos/pcb.810962576395298/810961406395415/