«Мектептегі оқыту мен тәрбиенің үлгісі; не? Қайда? Қашан?»

«Мектептегі оқыту мен тәрбиенің үлгісі; не? Қайда? Қашан?» тақырыбында өтіп жатқан бүгінгі мектеп күні форумының кезекті бөлімі, яғни, пленарлық отырысы «Бабалар даңқы- жас ұрпақ рухы!» тақырыбында өтті. Мектебіміздегі ұландық тәрбие беру бағыты да осыны көздейді және ол тәрбие ұрпақтар сабақтастығы негізінде жүзеге асырылады. Яғни, ата-бабаларымыздың, аға ұрпақ өкілдерінің отан қорғау жолындағы ерліктерінің үлгісі– әскери-патриоттық тәрбиенің негізгі тұғырларының бірі.
Шара барысында әскери-патриоттық тәрбие беруді ұйымдастырудағы қоғамның басқа мүшелерінің, әскери ұйымдардың, ардагерлердің, бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік серіктестердің мектеппен байланысының ролі айтылды.
Біздің мектебіміз үшін Ұлы Отан соғысының ардагері Омаров Мұқажан атамызбен байланыс болуы зор мәртебе, зор естелік болып отыр. Пленарлық отырста аға буынның ұрпақтары қатысып, өз әкелері туралы айтып берді.
Сонымен қатар, Алматы қаласындағы «Әскери барлау ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігі мүшелерімен әлеуметтік серіктес ретінде кездесу барысында Қорғаныс министрлігінің әскери-тарихи мұражайында мектеп директоры А.Т.Токейбекованың болғаны айтылып, бүгінгі отырыста осы музейдің бүгінгі күнгі директоры, генерал Панфилов қорының жетекшісі, аты аңызға айналған генерал Иван Васильевич Панфиловтың немересі Алуа Бақытжанқызы Байқадамовамен онлайн форматта кездесу болды. №53898 әскери бөлімінің қызметкері Қ.С. Айтимбетов пен №44803-В әскери бөлімінің қызметкері Р.Б. Бахтияров әскери патриоттық тәрбие берудегі мектеп ұжымының ролін, ықпалын ерекше атап өтті.
Осы іс-шара соңында «Жас Сарбаз» сыныбының тәрбиеленушілері салтанатты түрде ант қабылдады. Шәкірттерге қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Т.А.Жұманов «Жас Сарбаз» ұйымының тәрбиеленушісі екендігін растайтын куәліктерді табыстап, құттықтады

На изображении может находиться: 1 человек, на сцене, баскетбольная площадка и в помещении

На изображении может находиться: 2 человека, в помещении

На изображении может находиться: 2 человека, люди стоят и обувь

На изображении может находиться: 1 человек, в помещении

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди на сцене, баскетбольная площадка, обувь и в помещении

На изображении может находиться: один или несколько человек и на улице