Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу салтанатты түрде ашылды

Абай – ұлттық болмыстың үлгісі. Ол халық даналығының барша жақсы қасиеттерін бойына сіңіре отырып, ұлттық поэзияны, өнерді, қоғамдық ойды байытқан дара, дана тұлға.Мектебімізде мектеп директоры А.Токейбекованың қатысуымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу салтанатты түрде ашылды. Абай адамзатқа ортақ. Ұлы ақынның шығармалары әлемнің 30-дан аса тіліне аударылды. Ұлы ойшылдың еңбектері күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпай, баршамызға рухани азық болып отырғанын ерекше атап өту керек.
Мектеп көркемөнерпаздар тобы күй ойнап, Абайдың өлеңдері оқылса, тіл мұғалімдері М.Шабленова, М.Ибышева, А.Оспанова Абай өлеңдерін үш тілде орындап, эстафетаны мектеп түлектері 11- сынып оқушыларына тапсырды.
Ұлы ақынды ұлықтауға біз енді дайынбыз!

На изображении может находиться: 9 человек, обувь, ребенок и в помещении

На изображении может находиться: 1 человек, стоит, обувь и в помещении

На изображении может находиться: 8 человек, в том числе Жанат Айтжанова, люди стоят и в помещении