Бірыңғай парасаттылық сағаттары өтті

2019 жылдың 09-желтоқсан күні №8 ЖББОМ" КММ 8-10 сыныптарда Бірыңғай парасаттылық сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларды айналадағы адамдар мен рухани құндылықтар негізінде қарым-қатынас орнату.
Парасаттылық – адам бойындағы кісілік қасиет. Парасаттылық ұғымы ақылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік, көрегенділік, зерделілік мағынасында қолданылады.
Оқушылар парасаттылық ұғымына анықтама берді, слайд материалдарымен танысты. Топтық жұмыста сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты. Әр топқа түрлі жағдаяттар ұсынылды. Және оны шешу жолдарын талқылады. «Парасат» тақырыбындағы дәрісте оқушыларға адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттер түсіндірілді. Осы құндылықтар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізі екені айтылды.
Адамның мүмкіндіктерін ашты, мемлекет пен қоғамның жаңа өзара іс-қимылын талқылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың стратегиялық жоспарларына тоқталып, "Адал Ұрпақ", " Саналы ұрпақ "клубының мақсаттарын зерделеді. Сынып оқушылары пайдалы ақпарат алды.

На изображении может находиться: 3 человека, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: 1 человек, в помещении

На изображении может находиться: 2 человека, люди стоят и в помещении