«Экосағат»

3-қазанда «Дүниежүзілік мекендеу орнын қорғау» эко-сағаты күні аталып өтіледі. Осы күні мектебімізде «Мектебім –гүлді мекенім» тақырыбымен «Экосағат» акциясы өткізілді.
Табиғат–адам тәрбиешісі.Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние.Табиғаттың пайда болғаны–адамның пайда болғанына әкеледі.
Мектебіміздің бірінші қабатында «Табиғатты қорғау-болашақты ойлау» тақырыбымен стенд жасалды. Мектеп файесіндегі теледидардан табиғат экологиясы жайында видеоролик көрсетілді.
Мектебіміздің төменгі буын өкілдерін «Жас экологтар» ұйымына қабылдау рәсімі болды. Жас экологтар мектепішін гүлдендіру мақсатындағы алғашқы гүл көшеттерін отырғызды. Қала әкімінің орынбасары Жақсылықова С. Ж. ұйым мүшеліріне «Жас экологтар» төс белгісін тағып, алғашқы істеріне сәттілік тіледі.
Эко-сағаттың 2-ші бөлімінде мектебіміздің жас ерекшеліктері әртүрлі экологтарының қатысуымен «Мұхиттар қауіпті жағдайда» атты пікір сайысы ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары әлем мұхиттарының қазіргі жағдайын видео көрсетілім арқылы көріп, оны практикамен ұштастырды.Топ мүшелері әлем мұхиттарының проблемаларының шешу жолдарындарында қызу пікірталас жасады. Сабақ тартымды әрі қызықты өтті. Кала әкімнің орынбасары Жақсылықова С.Ж. әлем және қала төңірегіндегі экологиялық проблемаларға тоқталды. Бұл проблемалардың шешу жолдарын да нақтылап жеткізді.Сөз сөңында мектеп оқушыларының жасап жатқан игі істеріне сәттілік тіледі.
Сабақ соңында мектебіміздің үздік және дарынды оқушылары қала әкімінің орынбасары С.Ж. Жақсылықова және мектеп директоры А.Т.Токейбековамен бірлесе отырып мектеп ауласына қарағай ағашын екті.
Мектебіміздің қолөнершілерінің «Табиғатты аяла», «Гүлдер әлемі» тақырыбындағы туындыларынан көрме ұйымдастырылды.
Мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен «Экология –ел аманаты» тақырыбында кітап көрмесі қойылды.
Бұл көрменің мақсаты оқушыларға экология мәселелеріне, табиғат келешегіне көз жүгіртіп, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, туған жер табиғатына деген суйіспеншілік сезімдерін артыру. Оқушылар үзіліс кезінде табиағат жайында кітаптармен танысып, оқушылардың туындыларын тамашалады.

На изображении может находиться: 2 человека, люди стоят и на улицеНа изображении может находиться: один или несколько человек и на улице На изображении может находиться: один или несколько человек, люди стоят и на улицеНа изображении может находиться: растениеНа изображении может находиться: в помещенииНа изображении может находиться: 11 человек, люди сидят, стол и в помещенииhttps://www.facebook.com/100024446897564/videos/pcb.553491392142419/553490765475815/?type=3&theater