Дала-оқу жиыны

2019 жылдың қыркүйек айының 21 күні жоспарға сәйкес 8-9 ұлан сыныптарының оқушылармен дала-оқу жиыны өткізілді. Жиын сағат 07.30-да мектеп ауласына сапқа тұрғызылып, қауіпсіздік ережелерін оқушыларға түсіндіруден басталды. Оқушылар алдын-ала белгіленген маршрут бойынша, жаяу тәртіппен оқу-дала жиыны өткізілетін аумаққа, яғни №2 теміржол вокзалының аумағына барды. Жиын өткізілетін орын жаттығулар өткізу үшін тазаланып, оқу орындары белгіленді. Оқу-жаттығу келесі тақырыптармен өткізілді: Тактикалық дайындық, атыс дайындығы, азаматтық қорғаныс, топографиялық дайындық. Тактикалық дайындық кезінде ұландар оқпана жабдықтау, шабуылдағы, қорғаныстағы әрекеттер және ұрыс әрекеттері кезінде қамту, айналып өту бойынша әдіс-тәсілдерін орындады. Атыс дайындығы кезінде оқушылар тұрып, тізерлеп және жатып ату жағдайында атысқа ыңғайлану, атыс жүргізу, атысты тоқтату бойынша жаттығулар жасады. АК-74 автоматын толық емес бөлектеп жинады. Сонымен бірге пневматикалық винтовкадан нысана бойынша әрбір ұлан 4 оқтан атыс жүргізді. Азаматтық қорғаныс тақырыбы бойынша ұландар газтұмылдырықты уақытқа киіп, қорғаныш костюмдерін киіп газкомандаларын орындады. Топографиялық дайындық сабағында ұландарға азимут бойынша жергілікті жерде қозғалыс жасау, яғни алдын-ала берілген тапсырмаларды орындады. Жиын соңы қорытындыланып, жіберілген қателіктер айтылды. Сонымен қатар жиын кезінде өзін дұрыс ұстап, белсенділік көрсеткен оқушыларға алғыс жарияланды.

На изображении может находиться: 4 человека, люди стоят, небо, на улице и природаНа изображении может находиться: один или несколько человек, люди стоят, ребенок, небо, дерево, гора, обувь, на улице и природаНа изображении может находиться: 2 человека, небо, на улице и природаНа изображении может находиться: 2 человека, люди улыбаются, люди стоят, небо, на улице и природа