«100 кітап» жобасы аясында 6-7 сыныптар арасында өткізілген «3D кітап» сайысының ақпары

«100 кітап» жобасы аясында  6-7 сыныптар арасында өткізілген «3D кітап» сайысының ақпары

  2018-2019 оқу жылы  7 қаңтар күні  ЖББ №8 орта мектебінің «100 кітап» жобасы жетекшісі Г.С Айтқұлованың ұйымдастыруымен  6-7 сынып оқушыларының кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, шығырмашылық қабілетін арттыру мақсатында  оқыған шығармалары  мазмұны бойынша дайындалған «3D кітап» сайысы өткізілді.

«3D кітап» сайысы ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…

ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ  Ахмет Байтұрсынов мысалдарына арналды.

Оқушылар сайыс барысында өздері дайындаған 3D кітап мазмұнымен таныстырып, қандай тәрбиелік, тағылымдық мәні бар екенін айта келе, кітапты құрастыру барысындағы қызықтар мен кездескен қиындықтарымен бөлісті.

Сайыста оқушылардың бір-бірінің дайындап келген 3D кітаптарын қызықтай қарап, мазмұнын беріле тыңдады.Қатысушы сыныптардың дайындаған кітаптары  мынадай критерийлер арқылы;

·        Көркемдік безендіруінің эстетикалық талапқа сай болуы;

·        Кітап А4 форматта шығарма мазмұнына сай болуы;

·        Таныстырылымның қызықты,әсерлі болуы;

·        Сыныппен топтық жұмыс болуы;3 және 5 балдық жүйемен бағаланып,

нәтижесіндебас жүлдені 7Ә сыныбы  иеленсе, І орынмен 6В сыныбы,

 ІІ орынмен 6А сыныбы,   ІІІ орынмен 7А сыныбы марапатталса, 7Б сыныбы«Ізденімпаз сынып» номинациясымен, 6Б сыныбы «Талапты сынып» номинациясымен марапатталды. Сайыс соңында оқушылар естеліккке фотаға түсіп, мектебіміздің «100 кітап» жобасының мүшелеріне сұхбат берді.