Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2018-2019 оқу жылындағы күзгі каникул кезінде өткізген іс-шаралар ақпары

Жалпы білім беретін  №8 орта мектебінде 2018-2019 оқу жылындағы   күзгі каникул кезінде өткізген іс-шаралар ақпары

     2018 2019 оқу жылында жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  күзгі каникул кезінде  оқушылардың демалысын  дұрыс  ұйымдастыру мақсатында іс-шаралар жоспары  жасалынып, өткізілді.                                                                    1А,1Ә, 1Б, 1В сыныптары арасында  мектеп табалдырығын енді аттап, әріп-дыбыстармен танысып жатқан оқушылардың білімге, білуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында  «Сиқырлы дыбыстар» атты  танымдық ойын өткізілді.                                                                                               Танымдық ойынға әр сыныптан оқушылар қатыса отырып, жұмбақтар шешіп өздерінің байқампаз зеректіліктерімен көзге түсті. Жұмбақ шешіміне байланысты суреттер салынып, қорғалды. Жақсы салған  Бексұлтан, Арина, Анельдердің суреттері мадақталды.Балалар тақтадағы дыбыстарды атап, олардан буын ,буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап шықты. Ребустар таратылып,балалар қызыға орындады.                                                                         Ойын жүргізу барысында алғыр, ізденімпаз, дарынды оқушылар да ерекше жауаптарымен көзге түсті.                                                                                               6В сынып оқушыларының арасында оқушыларды әсемдікке, еңбекке деген икемділігін артыруға ықпал жасау мақсатында «Лентадан әшекей бұйымдарын жасау» шеберлік сағаты ұйымдастырылды.                                                                   Оқушылар өз колдарынан сәндік әшекей бұйымдар жасап үйренді.Әр-түрлі техникалық әдіс-тәсілдерді үйрене отырып,өнім дайындады.                                   Үйірме сайын өтіп тұратын тоғызқұмалақ ойынына  оқушылардың қызығушылығы өте жоғары. Каникул кезіндегі үйірмеге 2сынып оқушылары қамтылды, арасында тез ойлайтын, есепке жүйрік оқушылар болды .Олар Жаңабай Қайырбек, Ғалы Кәусар. 5б сыныбының оқушылары Омиржанов Оразали,Умирбекова Еркежан,Булатбекова Дильназ осы оқушылар үнемі белсенді ат салысады.                                                                                                       7 сынып оқушыларымен мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз-ө  зін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу мақсатында    «Менің мамандығым, менің болашағым»атты тренинг жаттығуы жүргізілді.
     Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.
            « Танысу» жаттығуымен басталып, «Ең жақсы» ойын», «Жеке адамның кәсіби қызметтегі мүмкіндіктері» жаттығулары жүргізілді.
Сонымен қатар, оқушыларға мамандық түрлерінің жағымды және жағымсыз жағын айту ұсынылады.                                                                                                    Тренинг жаттығуларына оқушылар қызығушылықпен қатысты. Өз ойларын ортаға салды.Соңында оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтты.
                                 Күзгі каникулдағы іс-шаралар жоспарына сәйкес 5-6- сынып оқушыларының арасында «Алтын оймақ» үйірмесінің қатысушылары 
                                               «Құрақ құрау да өнер» тақырыбында жұмыс жасады.  Құрақ құрау тәсілі маталардың қалдығын кәдеге жарату негізінде пайда болған. Қолынан іс келетін оқушылар  көрпеден құрауға  маталар қиықтарынан құрақ құрап  безендірді. Құрақ құрау үшін, ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталды, яғни маталардан барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөлініп алынды.Оқушылар құрақ құрау әдісінің бірінші кезеңін орындап, сызбасын жасады. Түрлі-түсті қағаздан құрақ түрдерін құрастырып көрмеге ұсынды.                                                                 3 сынып оқушыларымен «Менің қиялымдағы қала» тақырыбында легодан қала құрастыру жобасы өткізілді.                                                                                   Жоба барысында оқушылар құрастырғыштардың әрбір бөліктеріне мұқият қарап, құрылыс материалдарын қалай орналастыруға болатынын ойлап, барлығы бірлесе әрекет жасай отырып, бір қабатты және үш қабатты үйлер, көп қабатты мұнаралар мен ғимараттардан қала құрастырып шықты.                                4- сыныптар арасында  «Мақтанышым -Қазақстан!» атты  мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы болып өтті . Оқушылар  Отан туралы, туған жер,  туған ел туралы қазақстандық ақындардың  өлеңдерін  жатқа оқыды. Сайыс басталмас бұрын оқушылырдың білімдерін жетілдіру мақсатында   «Менің Отаным- Қазақстан» атты бейнебаян көрсетілді.Бас жүлде Оранбек Малика,1 орын-Рысжанова Айри, 2-орын –Тишбек Нұрай, 3 –орын Бейсенғазы Сабина. Сайысқа қатысқандар мадақтамамен марапатталды.                                                                                                   Мектебімізде 1 қараша күні  оқушылардың күзгі демалыс  кезіне арнайы жоспарланған «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында  «Менің сүйікті қалам, Балқашым» атты тақырыбында 5 сыныптар арасында фотоколлаж сайысы  болып өтті.                                                                                                        Оқушылар бар қабілеттерін көрсетіп, ұрандары мен таныстыруларын, өз ойларын жеткізе білді. Сайыс соңында әр топ өздерінің фото коллаждарын қорғап, сыңға түсті. Сайыс өте көңілді,қызықты өтті. Қорытындылай келе, қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орын мақтау қағаздарымен марапатталды.                                                                                            «Биле –биле» сайысына 5 -9 сынып  оқушылар  қатысты. Сайысқа оқушылар  Ұлттық би мен заманауи би  Осы «Биле – биле» би сайысында оқушылар  бойындағы қабілеттерін еркін жеткізе алуы жоғары деңгейде болды. Сайыс соңында  жеңімпаз топтар  әр номинация бойынша  мақтау қағаздарымен мараппатталды.   Күзгі каникулда «Сахна сыры» үйірмесі өз жұмысын жалғастырды.  «Ару қалам, Балқашым» тақырыбында оқушылармен сыр-сұхбат өткізілді.  Сыр-сұхбат барысында Балқаш қаласы туралы, табиғаты,көлемі, көлі туралы әңгіме қозғалды. Оқушылар өз туған жерлері туралы көп мәліметтер айтты. Балқаш қаласының экологиясы туралы сөз қозғалды. Оқушылар Балқаш көлі туралы аңызды айтып берді. Оқушылардың сөз мәнерлері, өзін-өзі ұстаулары, бір-бірлеріне дұрыс сұрақ қоя білулері, бір-бірімен тіл табыса білулері ескерілді. Оқушылар сұхбатқа өте қызыға қатысты. Сонымен қатар, мектепте  футбол, волейбол,  көңілді эстафета сияқты спорттық  ойындар үнемі  жүргізіліп отырды. Қалалық  оқушылар сарайы ұйымдастырған   іс-шаралардарға қатысып,   мектеп оқушылары  жүлделі   орындарға ие болды.