Қамқоршылар күніне арналған «Жан жылуы» атты дөңгелек үстел ақпары

Қамқоршылар күніне арналған  «Жан жылуы» атты дөңгелек үстел ақпары

Ата-аналар мен балалардың бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту мақсатында 2018 жылдың 25 қазан күні қамқоршылар күніне орай «Жан жылуы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қамқоршы ата-аналар:Мухажанова Күнбала Мұсаханқызы, Карибаева Тыныштық, Мамашева Жаннұр Алтынбекқызы, Кокенова Куагайын Асерқызы, Қуанышева Айгүл Жексембайқызы, аналар мектебінің төрайымы Шаймерден Бекзат Отарханқызы, әкелер кеңесінің төрағасы Джуматаев Марат Қадырович және балалар үйінің тәрбиешісі Булдерова Индира Мерекеқызы қатысты. Дөңгелек үстел барысында  отбасы бақыты, бала тәрбиесі және олардың болашағы туралы ойлар мен пікірлер талқылап, бір-біріне жақсы тілектер мен ізгі ниеттер білдірді. Сонымен қатар психологиялық ойын ойнатылып, кеоген қонақтар мен оқушыларға сұрақтар қойылды. Балалар қамқоршыларына арнаған өлең жолдарын оқып берді. Дөңгелек үстел соңында мектеп ұжымының атынан қамқоршылар отбасыларына мадақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.