Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

            2018 жылдың 06 қазан күні мектебімізде  ұлағатты ұстаздар күніне орай мерекелік шара өтті.

            Шараға  ардагер ұстаздар, ұстаздар қауымықатысты.

          Мерекені  құттықтау лебізімен мектеп директоры А.Токейбекова  ашып, бірқатар ұстаздарды ұстаздық жолында абыройлы еңбек етіп, жас ұрпақ бойына сапалы білім,

саналы тәрбие беруде жоғары жетістіктерге жеткені үшін мектепішілік мақтау қағазымен  марапаттады.

            Сондай-ақ, бірқатар ұстаздар қауымықалалық білім бөлімінен  тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары  мен  білім беру саласына қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапатталды.

           Жас мамандар тарпынан  ұстаздар қауымына  құрмет көрсетіліп,  ән-жырмен көңіл көтерсе, алтын уақыттарын бөліп келген ардагер ұстаздарға алғыстарын айтып, «Кім мықты?» бағдарламасын ұйымдастырып, ұстаздарға сұрақ қойып, ән айтқызып, мектептегі есте қалған қызықтарын еске түсіріп,түрлі тапсырмалар орындатты. Оқушылар да ән айтып, би билеп ұстаз көңілін бір қуантты. Мереке соңында естелікке суретке түсті.