Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің «Денсаулық сандарына жет!» атты денсаулық фестиваліне орай өткізілген іс-шаралар ақпары
Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің «Денсаулық сандарына жет!» атты денсаулық фестиваліне орай өткізілген іс-шаралар ақпары
Мектебімізде 10.09.2018 жылы «Денсаулық сандарына жет!»денсаулық фестиваліне орай, іс-шаралар жоспарланып өткізілді. Оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануын насихаттау, балалар ауруларының алдын алу және олардың профилактикасы, дене шынықтыру мәдениетіне көңіл бөлуге, жауапкершілікке, өзара көмек беруге және де өзара бір-біріне қолдау жасауға арналған қасиеттерді қалыптастырып, олардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында спорттық іс-шаралар өткізілді.
Іс-шараны «Дені саудың рухы сау» ұранымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері ашып, оқушыларын спорт күнімен құттықтап, іс-шара қазақтың ұлттық биі қара жорғамен жалғасты. Сонымен бірге, жеңіл атлетика, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ және көңілді эстафеталар өткізіп, жеңімпаз деп танылған оқушылар марапатталды.