Денсаулық күні

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің «Денсаулық күні» өткізілген спортық іс-шаралар ақпары

   07.04.2018 жылы «Денсаулық күні»  мектебімізде  оқушыларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін, көтеріңкі көңіл - күйде болуын қалыптастыру, тепе - теңдікті сақтау,  шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында  мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен спорттық іс-шаралар өткізілді. 5-7 сыныптар арасында футболдан жолдастық кездесулер  өтті. Жолдастық кездесуге қаламыздың №16 мектептің командасы  қатысты. Көпсалалы кортта 2-3 сыныптар арасында көңілді мәре сайысы өткізілді. Сайыс барысында балалар жылдамдықтарын,ептіліктерін жан жақты көрсете білді.Ойын тартысты өтті.