«Мерейтойың құтты болсын, Астана!»

«Мерейтойың құтты болсын, Астана!»

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  Астана қаласының 20 жылдығына «Мерейтойың құтты болсын, Астана!» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын Астана жайлы бейнеролик көрсетілімі көрсетіліп 2Б,3Б сынып оқушыларының «Асқақтаған Астана» атты би композициясымен  басталды. Жиынды мектеп директоры Токейбекова Айгүл Төкенқызының құттықтау сөзімен ашып, Нурланова Наргизаның орындауындағы «Туған ел» атты әсем әнімен жалғасты. Ал 6Б сыныбының оқушылары «Астана –жаңаның жаршысы, тәуелсіздігіміздің табысы!» атты үгіт-насихат көрсетілімін көрсетті.Үгіт-насихат көрсетілімін оқушылар Астана қаласына арналған өлеңдермен бастап, Астананың 20 жыл бойындағы қарқынды өсу жетістіктерімен, тарихымен таныстырылып, Астана жайлы жалынды жырлармен жалғасын тапты.