Жалпы білім беретін м№ 8 орта мектебінде 20-30 қараша аралығында «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында өткізілген іс-шаралар ақпары

Жалпы білім беретін м№ 8 орта мектебінде 20-30 қараша аралығында «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында өткізілген іс-шаралар ақпары

    Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде «Бала құқығы-адам құқығы» республикалық онкүндік аясында жоспарланған  түрде бірнеше іс-шаралар өткізілді. 2017 жылы 20 қараша оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру мақсатында  ақпараттық стенд безендірілді.

Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, оқушылардың құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету, оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы түсіндіру мақсатында жадынамалар  таратылды.

7-8 сынып оқушыларына «Сен өз құқығыңды білесің бе?»  атты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру және қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға үйрету мақсатында   қалалық ІІБнің УПИ ЮПТ   бөлімнің  қызметкері Г.Керимжанованы қатыстыра отырып  әңгіме  жүргізілді.

Кездесу барысында,  оқушыларға  қала ішінде яғни қоғамдық орындарда өздерін дұрыс ұстай білуі, өз болашағына жауапкершілікпен қарау,  өз құқықтары мен міндеттерін қалай жүзеге асыруға болатыны жөнінде әңгіме жүргізілді. Оқушылар өз құқықтарын біліп, сұрақтарын қойып,  жауаптарын алды.

Сондай-ақ, «Менің құқығым – менің міндетім» тақырыбында сынып  жетекшілер  5 сыныптарда оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру, құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту, қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу мақсатында сынып сағатын өткізді. Сынып сағат барысында оқушылар адамзаттың басты құндылықтарын айыра білуді және заң, құқық, міндет, борыш сияқты сөздердің мағынасын ашуды, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды үйренді.

Сонымен қатар, «Жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында мектеп әлеуметтік ұстазы А.М.Жолболдина 9-сыныптар арасында оқушылардың  құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру  мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

Оқушылар  өз ойларымен бөлісіп, жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсінуді және өзін - өзі тану арқылы дара тұлға ретінде қалыптасуына қажетті ақпар алды.

«Заңды білсең жаза баспайсың» тақырыбындаәлеуметтік ұстаз А.М.Жолболдина оқушылардың заңды біліп құрметтеуі, еліміздің болашағына өскелең ұрпақтың жауапты екенін саналарына сіңіре отырып,құқық бұзушылықтың алдын алып, құқықтық сана-сезімгетәрбиелеу мақсатында 8-сынып оқушыарына бейнероликтер көрсетті. 

Сонымен қатар оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету мақсатында мектеп психологы З. Абдуалиева және мектеп әлеуметтік ұстазы А.М Жолболдина «Бала құқығы-адам құқығы» онкүндігінде қайырымдылық акция өткізілді. Акциясы барысында ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға оқу құрал жабдықтары берілді. Оқушылар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.